Responding to the comments of reviewers

Рецензенттердің ескертулеріне жауаптар нақты әрі дәлелді болуға тиіс.

Ескертулерге жауап беру мысалы

1-ескерту: Кіріспеде жұмыстың өзектілігі жеткілікті нақты ашылмаған. Кіріспенің үлкен бөлігі бүкіл ғылыми бағыттың өзектілігі туралы ақпаратты қамтиды, оны 1 абзацқа дейін қысқарту керек. Зерттеудің нақты саласындағы (күміс нанобөлшектерін синтездеу) қолда бар деректер мен мақалаларды толығырақ сипаттап, олардың кемшіліктерін көрсету қажет.

Жауап: Ескертумен келісеміз. Кіріспе қайта жазылды. Күміс нанобөлшектерін синтездеу саласындағы жұмыстарға толық талдау жасалды. Ең маңызды мақалаларға 12 жаңа сілтеме қосылды.

2-ескерту: Температураның күміс нанобөлшектерінің мөлшеріне әсерін зерттеу бойынша қосымша эксперименттер жүргізу керек деп санаймын. Бұл эксперименттер 20-50 нм аралығындағы мөлшерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жауап: Ескертумен келіспейміз. Температураның күміс нанобөлшектерінің мөлшеріне әсерін бұрын бірқатар ғалым зерттеген және ол [10, 12 және 15] жұмыстарда сипатталған. Аталған жұмыстарға сәйкес, температураның артуы нанобөлшектер мөлшерінің тұрақтылығына теріс әсер етеді, олар агрегат түзуге бейім болады.