Құпиялылық мәлімдемесі
Автору туралы ақпарат – олардың аты-жөні, аффилиациясы, байланыс мәліметтері, атқаратын лауазымы мен академиялық дәрежесі, сондай-ақ халықаралық деректер базасындағы авторлар профильдерінің идентификаторларына сілтемелер мақалада «Авторлар туралы мәліметтер» бөлімінде орналастырылады.
«ҚазҰУ Хабаршысы. Химия сериясы» журналының редакциялық алқа мүшелері қарауға қабылданған қолжазба туралы ақпаратты жарияланғанға дейін тағайындалған рецензенттерден басқа үшінші тұлғаларға жария етпейді. Сондай-ақ редакция рецензенттердің деректерін авторларға және басқа тұлғаларға ашпайды.
Бұл және жариялау процесі қатысушыларының басқа да мінез-құлық нормалары, атап айтқанда авторлардың, редакциялық алқа мүшелерінің, баспагердің және рецензенттердің мінез-құлық қағидаттары, нормалары мен стандарттары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми журналдарына арналған жариялау этикасына негізделген.







