Графикалық аннотация
Графикалық аннотация – жұмыс пен мақаланың негізгі мәнін көрнекі түрде көрсететін сурет. Бұл сіздің мақалаңыздың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Графикалық аннотация мақаланың веб-бетінде орналастырылады.
Графикалық аннотацияға қойылатын талаптар:
- PNG немесе TIFF форматы, пиксельдегі өлшемі - 200 (биіктігі) х 500 (ені) аспауы тиіс.
- шрифт жеткілікті үлкен және оқылатын болуы керек.
- суретте тек маңызды ақпарат қамтылуы тиіс.
Графикалық аннотацияны мақаланың негізгі файлына (соңғы бетте) және суреттері мен ілеспе хаты бар мұрағатқа қосыңыз. Файл атауы – ga.png.
Қазіргі уақытта графикалық аннотация мақаланың авторларының қалауы бойынша ұсынылады және орналастырылады. Болашақта бұл элемент барлық мақалалар үшін міндетті болады.