Ілеспе хат
Редакторлар мен рецензенттер жұмысының тиімділігін арттыру үшін ілеспе хат өте маңызды.
Ілеспе хат Бас редактор Кенесов Булат Нурлановичтің атына жазылуы және мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
- зерттеу барысында толық дәлелденген 2-4 негізгі нәтижелер (тұжырымдар).
- жұмыстыңқысқашамазмұны(2-4сөйлем)жаңалығы.
- жұмыстың басқа журналдарда қаралмағанын және басқа этикалық нормалардың бұзылмағанын растау.
- электрондық пошта мекенжайлары бар 2-3 әлеуетті тәуелсіз рецензенттердің тізімі (бар болса)
Дәлелденген нәтижелердің (тұжырымдар) мысалы:
- сулы ерітіндіден скандийді экстракциялаудың ең үлкен тиімділігі триалкиламин және ди-2-этилгексилфосфор қышқылы негізіндегі бинарлы экстрагентпен қамтамасыз етіледі.
- сулы ерітінділердегі 1,1-диметилгидразинді дериватизациялау кезінде ацетонның оңтайлы концентрациясы 30 г/л құрайды.
- Алматы қаласының ауасындағы бензо(а)пиреннің орташа жылдық концентрациясы 15 нг/м3 құрайды.
- хош иісті көмірсутектерден ауаны тазартудың ең жоғары тиімділігі 600°C температурада өңделген күріш қабығымен қамтамасыз етіледі.
Рецензенттер мақаладағы әрбір тұжырымның дәлелденгенін бағалайды.