NdMg2NiMnO6 неодим және магний қос никелит манганитінің синтезі және оны рентгендік тұрғыдан зерттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.15328/cb2025_66

Кілттік сөздер:

никелит-манганит, сілтілі-жер металдары, қатты фазалы синтез, рентгенография, индицирлеу, ИҚ-спектр

Аннотация

Перовскит манганиттері-бұл үлкен магниттік қарсылық және магнетокалориялық әсер сияқты ерекше физикалық қасиеттері бар материалдардың маңызды класы. Олар перовскит құрылымына ие және оларды AMnO₃ жалпы формуласымен сипаттауға болады, мұндағы А сирек жер немесе сілтілі металл, ал Mn марганец.

Сирек жер манганитінің құрамына допанттарды енгізу жартылай өткізгіштердің қасиеттерін жақсартудың тиімді әдісі бола алады. Бұл жұмыстың мақсаты NdMg2NiMnO6 құрамды жаңа неодим мен магний никель-манганитін синтездеу және оны рентгенографиялық тұрғыдан зерттеу болып табылады.

Керамикалық технология әдісімен NdMg2NiMnO6 құрамды неодим мен магнийдің жаңа никелит-манганиті синтезделді. Сәйкестендіру рентгенофазалық әдісімен жүзеге асырылады. Индицирлеу негізінде NdMg2NiMnO6 кубтық сингонияда келесі тор параметрлерімен кристалданатыны анықталды а=10,056 ± 0,067 Å; Z=4; Vo=4139,39 ± 0,20 Å3; Voэл.ұя.=1034,85 ± 0,02 Å3, ρрент.=2,5824; ρпикн. = 2,4970 ± 0,052 г/см3. Құрылымның тұрақтылығының критерийі болып табылатын t = 0.90 төзімділік факторы есептелді. Зерттеліп отырған никелит манганитінің ИҚ спектрлері алынды.

Алынған нәтижелер осы қосылыстың термодинамикалық, электрофизикалық қасиеттерін зерттеу бойынша одан әрі жұмыс істеуге қызығушылық тудырады және бейорганикалық материалтану ғылымында перспективалы физика-химиялық қасиеттері бар ұқсас заттарды алу үшін, сондай-ақ рентгенографиялық сипаттамалары бойынша іргелі деректер банктеріне жүктеу үшін бастапқы ақпараттық массивтер ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Авторлардың биографисы

Ш.Б. Қасенова, Ж. Әбішев атындағы Химия металлургия институты, Қарағанды, Қазақстан

Химия ғылымдарының докторы, профессор, Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты термохимиялық процестер зертханасының бас ғылыми қызметкері, Қарағанды қ., Қазақстан,  e-mail: kasenovashuga@mail.ru

Ж.И. Сағынтаева, Химико-металлургический институт им. Ж. Абишева, Караганда, Казахстан

Химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты термохимиялық процестер зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, Қарағанды қ., Қазақстан; e-mail: kai_sagintaeva@mail.ru

Б.К. Касенов, Ж. Әбішев атындағы Химия металлургия институты, Қарағанды, Қазақстан

Химия ғылымдарының докторы, профессор, Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты термохимиялық процестер зертханасының меңгерушісі,  Қарағанды қ., Қазақстан, e-mail: kasenov1946@mail.ru

Е.Е. Қуанышбеков, Ж. Әбішев атындағы Химия металлургия институты, Қарағанды, Қазақстан

Техника ғылымдарының магистрі Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты термохимиялық процестер зертханасының аға ғылыми қызметкері, Қарағанды, Қазақстан, e-mail: mr.ero1986@mail.ru

А.Т. Ордабаева, Органикалық синтез және көмір химиясы институты ҚР, Қарағанды, Қазақстан

Химия ғылымдарының кандидаты, Органикалық синтез және көмір химиясы институты ҚР көмір химиясы зертханасының меңгерушісі, Қарағанды, Қазақстан, e-mail: aigul_serik_kz@mail.ru

М.А. Исабаева, Торайғыров университеті, Павлодар, Қазақстан

Химия ғылымдарының кандидаты, КЕАҚ «Торайғыров университеті» химия және химиялық технология кафедрасыны профессоры, Павлодар, Қазақстан, e-mail: isabaeva.manar@mail.ru

Э.М. Темірбаева, Ж. Әбішев атындағы Химия металлургия институты, Қарағанды, Қазақстан

Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты термохимиялық процестер зертханасының 2 санаттағы, Қарағанды қ., Қазақстан; e-mail: 110203@mail.ru

Библиографиялық сілтемелер

1 Bebenin NG, Zainullina RI, Ustinov VV (2018) Physics-Uspekhi 61:719-738. https://doi.org/10.3367/UFNe.2017.07.038180

2 Gadjiev AB, Gamzatov AG, Batdalov AB, Hurshilova ZA, Aliev AM (2022) Physics of the Solid State 64:2261-2265. https://doi.org/10.21883/PSS.2022.14.54326.28s

3 Lassoued RA, Massoudi J, Jeddi M, Dhahri E, Bessais L (2023) Journal of Materials Research 38:4559-4572. https://doi.org/10.1557/s43578-023-01171-x

4 Zhou Y, Wu X, Wu W, Wen Ch, Wang Q (2018) Journal of Superconductivity and Novel Magnetism 31:521-528. https://doi.org/10.1007/s10948-017-4200-8

5 Kharrat N, Chihaoui S, Cheikhrouhou-Koubaa W, Koubaa M, Cheikhrouhou A (2018) Journal of Materials Science: Materials in Electronics 29:17187-17194. https://doi.org/10.1007/s10854-018-9810-9

6 Konstantinova EI, Litvinov VA, Koryakov AD, Leonidov IA (2023) Žurnal neorganičeskoj himii 68:1398-1404. (In Russian). https://doi.org/10.31857/S0044457X23600536

7 Johan Cedervall, Ivanov SA,·Lewin Е, Beran Р, Andersson МS, Faske Т, Bazuev GV, Nordblad P,·Sahlberg M, Mathieu R. (2019) Journal of Materials Science. Materials in Electronics 30:16571-16578. https://doi.org/10.1007/s10854-019-02035-z

8 Chen H, Cao Zh, Wang L, He W, Sun J, Zhang Y, Ruan X (2014) Journal of Alloys and Compounds 616:213-220. https://doi.org/10.1016/j.jallcom.2014.07.119

9 S. Pal S, Jana S, Govinda S, Pal B, Mukherjee S, et al. (2019) Phys Rev B 100(4):045122. https://doi.org/10.1103/PhysRevB.100.045122

10 Anirban S, Dutta A (2021) Journal of Physics and Chemistry of Solids 159:110292 https://doi.org/10.1016/j.jpcs.2021.110292

11 Ahmad J, Hassan S, Khan JA, Nissar U, Abbas H (2021) Proceedings of the Pakistan Academy of Sciences: A. Physical and Computational Sciences 58(2):59–71. https://doi.org/10.53560/PPASA(58-2)610

12 Pankov VV, Ivashenko DV. (2021) Computational nanotechnology 8:18-23. (In Russian). https://doi.org/10.33693/2313-223X-2021-8-2-18-23

13 Gavrilova LYa (2008) Methods of synthesis and research of promising materials [Metody sinteza i issledovanie perspektivnyh materialov]. Textbook. Yekaterinburg: USU. 74 p. (In Russian).

14 Kasenov BK, Kasenova ShB, Sagintaeva ZhI, Kuanyshbekov EE, Mukhtar AA, et al. (2021) Metalurgija. (Croatia) 60(3-4):447-450.

15 Kassenov BK, Kassenova ShB, Sagintaeva ZhI, Ermagambet BT, Kuanyshbekov EE, Mukhtar AA (2021) Metalurgija. (Croatia) 60(3-4): 454-456.

16 Kasenov BK, Kasenova ShB, Sagintaeva ZhI, Kuanyshbekov EE, Mukhtar AA, Kakenov KS (2022) High Temperature 60(1):45-49. https://doi.org/ 10.1134/s0018151x22010114

17 Kasenov BK, Kasenova ShB, Sagintaeva ZhI, Kuanyshbekov EE, Mukhtar AA, Kakenov KS (2022) High Temperature 60(4):474-478. (In English). https://doi.org/10.1134/s0018151x22020225

18 Kasenov BK, Kasenova ShB, Sagintaeva ZhI, Baisanov SO, Lu NYu, et al. (2023) Molecules 28: 5194. https://doi.org/10.3390/molecules28135194

19 Kovba LM, Trunov VK (1976) X-ray phase analysis [Rentgenofazovyj analiz]. Moscow: Moscow State University, 2nd ed. 256 p. (In Russian)

20 Monina LN (2016) Radiography. Qualitative X-ray phase analysis [Rentgenografiya. Kachestvennyj rentgenofazovyj analiz]. The training manual. Tyumen: Tyumen State University, 120 p. (In Russian)

21 Khabas TA, Vakalova TV, Gromov AA, et al. (2007) X-ray phase analysis. //Methodological guidelines. Tomsk Polytechnic University, Tomsk, Russia. 40 p. (In Russian)

22 Kivilis SS (1959) Technique of measuring the density of liquids and solids [Tekhnika izmerenij plotnosti zhidkostej i tverdyh tel]. Standartgiz, Moscow, USSR.

23 Likun P, Zhu G (eds.) (2016) Perovskite Materials: Synthesis, Characterisation, Properties, and Applications. ExLi4EvA Copyright. 637 р. ISBN-10:953-51-2245-2

24 Database of Ionic Radii http://abulafia.mt.ic.ac.uk›shannon/

25 Wells AF (1987) Structural inorganic chemistry. Mir, Moscow, USSR. 2:696 р.

26 Kostrominka NA, Kumok VN, Skorik NA (1990) Chemistry of coordination compounds [Himiya koordinacionnyh soedinenij]. Higher School, Moscow, USSR. 432 p. ISBN: 5-06-001020-1.

27 Nakamoto K (1991) IR and RAMAN spectra of inorganic and coordination compounds [IK spektry i spektry KR neorganicheskih i koordinacionnyh soedinenij]. Mir, Moscow, USSR. ISBN: 5-03-001749-6.

Жүктелулер

Жарияланды

2025-12-30

Как цитировать

Қасенова, Ш., Сағынтаева, Ж., Касенов, Б., Қуанышбеков, Е., Ордабаева, А., Исабаева, М., & Темірбаева, Э. (2025). NdMg2NiMnO6 неодим және магний қос никелит манганитінің синтезі және оны рентгендік тұрғыдан зерттеу. ҚазҰУ хабаршысы. Химия сериясы, 117(4), 48–54. https://doi.org/10.15328/cb2025_66

Шығарылым

Бөлім

Бейорганикалық химия

Схожі статті

1 2 3 > >> 

Ви також можете розпочати розширений пошук схожих статей для цієї статті.