Журнал туралы

«ҚазҰУ хабаршысы. Химия сериясы» (ISSN 1563-0331, eISSN 2312-7554, қысқартылған атауы: Вест. КазНУ. Сер. хим. немесе Chem. Bull. Kaz. Nat. Univ.) 1992 жылдан бастап (жылына 4 шығарылым) жоғары сапалы ғылыми мақалалар жариялап келеді. Журналдың ұйымдастырушысы және баспагері – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Тіркеу куәлігі № 16499-Ж. Хабаршы әлемнің барлық авторлары үшін ашық және химияның барлық салаларын, сонымен қатар ғылымның аралас салаларын қамтиды.

«ҚазҰУ хабаршысы. Химия сериясы» Web of Science Core Collection бөлігі болып табылады және 2023 жылғы импакт-факторы – 0,3 (Q4).

Журнал «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» (ҰМҒТСО) АҚ Қазақстандық дәйексөз қорымен (ҚазДҚ) индекстелген және ҚазДҚ 2020 жылғы импакт-факторы 0,118 құрайды.

Журнал Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҚР БҒМ БҒССҚК) ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген.

Сонымен қатар журнал elibrary.ru ғылыми электронды кітапханасында оқырмандар үшін қолжетімді болып табылады және «Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі» (РИНЦ) аналитикалық деректер базасына енгізілген.

Журнал мақалалары CrossRef дерекқорында тіркеледі және әрбір автордың мақаласына DOI беріледі. Журнал сілтемелер арқылы мақалаларды іздеуді жеңілдету үшін CrossRef Cited-by linking бағдарламасына қатысады.

Журнал Америка химия қоғамының (American Chemical Society) CAS (Chemical Abstracts Service) химия бойынша ең ірі дерекқорына енгізілген.

Журналдың редакциялық алқасына қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар кіреді.

Журнал авторлардың басылымдарының ақпараттық ашықтығы мен қолжетімділік саясатын ұстанады, мақалалар журнал сайтында (2025 жылға дейінгі мұрағат) үш тілдің бірінде толық мәтінді қолжетімділікте орналастырылады.

Журналдың мақсаты оқырмандардың көпшілігін химияның әртүрлі салаларында қолданылатын жаңа идеялармен және ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен таныстыру.

Журналдың негізгі міндеттері:

  • әлемдік ғылымның соңғы жетістіктерін ескере отырып, химияның әртүрлі салаларындағы зерттеулердің аса маңызды нәтижелерін
    жариялау;
  • ғылымның базалық критерийлеріне сәйкес келетін мақалаларды жариялау үшін іріктеу;
  • жарияланатын мақалалардың жоғары сапасын қамтамасыз ету;
  • жарияланған мақалаларды танымал мәліметтер базасы арқылы тарату;
  • жарияланымдарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  • халықаралық танымдылықты қамтамасыз ету.

Журнал химияның барлық салаларын, соның ішінде пәнаралық салаларды да қамтиды. Мақалалар химияның келесі тақырыптық бағыттары бойынша жарияланады:

  • Аналитикалық химия;
  • Бейорганикалық химия;
  • Органикалық химия;
  • Физикалық химия;
  • Табиғи қосылыстар химиясы;
  • Полимерлер химиясы;
  • Коллоидтық химия және нанохимия;
  • Катализ;
  • Химиялық технология;
  • Қоршаған орта химиясы.