Ғылыми әдіс
Ғылыми әдіс құбылыстарды зерттеуге, жаңа білім алуға немесе бұрыннан бар білімді түзетуге және біріктіруге арналған.
Ғылыми әдіс төрт негізгі дәйекті қадамдардан тұрады:
- Сұрақты бақылау және тұжырымдау.
- Гипотезаны тұжырымдау – қойылған сұраққаықтималжауап
- Болжамдар (егер гипотеза дұрыс болса, онда ...); гипотезаны тексерудің тиімді әдістемесін әзірлеу.
- Гипотезаны тексеру. Егер гипотеза дұрыс болмаса, 2-қадамға оралыңыз
Ғылыми әдіс жаңа білім алудың ең сенімді жолы болып табылады, өйткені ол өлшенетін дәлелдерге негізделген.
Ғылыми әдіспен жазылған ғылыми мақалалар, әдетте, түсінікті болып келеді, өйткені олар бір немесе бірнеше нақты анықталған гипотезаларды растауға бағытталған. Ғылыми әдіс жақсы құрылымдалған тәжірибелерді жоспарлауға және жүргізуге мүмкіндік береді. Үздік ғылыми журналдар жиі оларға ұсынылатын мақалалар ғылыми әдіспен жазылғанын талап етеді.
Мысал:
- Сіззерттелетінреакцияныңшығымытымтөменекенінбайқайсыз(мысалы,30%),бұлсіздіңнегізгітапсырмаңызүшінжеткіліксіз.Сіз сұрақты тұжырымдайсыз – реакцияшығымын95%-ға дейін қалайарттыруғаболады?
- Сіз қол жетімдібасылымдарды,теориялардыжәнетәжірибеңіздіталдап, келесігипотезаны алға тартасыз – реакциятемпературасын25-тен70°C-ге дейін арттыруоныңшығымын95%-ға дейін арттырады.
- Егергипотезадұрыс болса,ондареакциятемпературасыныңжоғарылауыоныңшығымының жоғарылауына әкеледі.Сіз25,50,70және90°Cтемпературадареакцияжүргізудіжәнеәртемпературадашығымдыанықтаудықажет ететін тәжірибеәдісінжасайсыз.Реакцияныңбасқашарттары(реагенттер концентрациясы, реакцияуақыты,қысым,көлем,жарыққақол жетімділік,араластыружәнет.б.)тұрақты болуы тиіс.Сенімдіжәнеқайталанатындеректердіалуүшінәртемпературадакем дегенде 3ретреакцияжасаукерек.
- Сізтәжірибе жасайсыз, әртемпературада реакцияның орташа шығымын есептейсізжәне «реакцияшығымы=f(реакциятемпературасы)» графигінжасайсыз.Әрі қарай, сіз алға қойылған гипотезаның дұрыстығын шешуіңізкерек.Мүмкін болса,сізгипотезанытүзетіп, басқақорытындыжасайсыз(мысалы,реакцияның ең жоғарышығымы90°C температурада алынды).
Бұл тәжірибеде айнымалылардың 3 негізгі тобы бар:
тәуелсіз – реакция температурасы
тәуелді – реакция шығымы
бақыланатын – реагент концентрациясы, реакция уақыты, қысым, көлем, жарыққа қол жетімділік, араластыру және реакция шығымына әсер етуі мүмкін кез келген басқа жағдайлар.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-химиялық әдістерді зерттеу және талдау орталығының «Биосфера экологиясы» зертханасының қызметкерлерімен әзірленген "Ғылыми әдіске кіріспе» интерактивті дәрісі".